Жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларындағы және еңбек нарығындағы трансверсалды дағдылардың маңыздылығы


Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 17

Авторлар

  • М.П. Асылбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Т.Н. Отарова М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Д.С. Елкин Йедитепе университеті

Кілт сөздер:

трансверсалдылық, трансверсалды дағды, ХХІ ғасыр дағдылары, коммуникативиілік, цифрлы дағдылар, сын тұрғысынан ойлау.

Аңдатпа

Трансверсалды дағдылармен қаруланған мамандарды дайындау қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті. Аталмыш дағдылар болашақта күрделі мәселелердің оңтайлы шешімін табуға мүмкіндігі зор сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамның сұранысын туғызып отырған мәселелердің бірі. Трансверсалды дағдыларға – болашақ педагог-психологтердің жеке даму әлеуетін ашуға көмектесетін біліммен қатар цифрлық және ақпарттық сауаттылық, сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық, коммуникативтілік, қиындықты шеше білу және басқа да дағдыларды қалыптастыруға негіз болады. Траснверсалды дағдылар педагогтердің, жұмыс берушілердің және ғалымдардың пайымдауынша, өркендеуші қоғамда табысқа жетуге бағыттайтын аса маңызды білім мен дағдылардан құралған.

Мақалада ұсынылған зерттеудің мақсаты трансверсалды дағдылардың болашақ педагог-психолог мамандардың өзін-өзі дамыту параметрлері негізінде олардың табысқа жету дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін эмпирикалық зерттеу жүргізу.

Теориялық деңгейде мақалада «трансверсалдылық» және «трансверсалды дағдылар» ұғымдары талданған.

Эмпирикалық бөлім methodologies «XXI century digital skills instrument aimed at working professionals: Conceptual development and empirical validation» (Ester v.Laar, Alexander J., Jan M., Jos de Haan) және «Коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер» әдістемелері арқылы жүзеге асырылды (В.В. Синявский, В.А. Федорошин) жоғарыда аталған трансверсалды дағдылар қарастырылды. Сыни тұрғыдан ойлау деңгейін анықтау үшін Е.В. Луценконың бейімделуінде Старки Лорен тесті қолданылды. Зерттеу нәтижесінде болашақ мұғалімдердің трансверсалды дағдылары анықталып, сараланды.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асылбекова M., Отарова T., & Елкин D. (2023). Жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларындағы және еңбек нарығындағы трансверсалды дағдылардың маңыздылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 178–193. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/319

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика