Қазақ ертегілеріндегі мәдени-танымдық феномен: рефлексиялық мәні


Қаралымдар: 140 / PDF жүктеулері: 54

Авторлар

  • А.Б. Салкынбай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Т. Нурбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

қазақ халық ертегісі, әлемнің тілдік бейнесі, рефлексия, әлеуметтік рефлексия, дүниетаным, танымдық-мәдени феномен, рефлексия теориясы, ұлттық салт пен дәстүр, тәрбие.

Аңдатпа

Мақалада қазақ халық ертегілерінің мәдени-танымдық феномен ретіндегі ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан талданады. Қазақ халқының әлемді танудағы өзіндік ерекше дүниетанымын анықтауда және оның концептуалды бағытын тануда ертегілердің де өзіндік маңызы бар. Қазақ ертегілеріндегі әлемнің тілдік бейнесі ретінде көрініс табатын дүниетанымдық сипатын рефлексиятеориясы негізінде зерделенді. XXI ғасырда дүние жүзінде сапалы білім мен ұлттық тәрбиенің әлеуметтік маңызы артып отырғанына ерекше мән беріліп, болашақ ұрпақтың өмірге бейімділігі мен қоғамдағыорнын алуы, бағалануы алған білімінің сапасына, құзыреттілігіне, деңгейіне, ойлау жүйесінебайланысты болатынына назар аударылды. Баланы жастайынан ізгі қасиеттерге тәрбиелеуде ертегінің атқарар рөлі рефлексия қағидаларына сәйкес ғылыми тұрғыдан талданды.Тұлғаныңөзіндік «Мені» мен өзіндік санаға қол жеткізуінде ертегілердің де рөлі маңызды. Интеллектуалтұлғаның білімі, іскерлігі мен дағдысы, қалыптасқандағдыны қолданусалалары мен әдістері туралы; әлеуметтік рефлексиятуралы, экзистенциалды, өмірдің мәні туралы ойлауғабағыттай оқытуда ертегілердің рөлі нақты деректер негізінде талданды. Қазақертегілеріндегі танымдық-мәдени феномен ретіндегі көріністер когнитологиялық бағытта айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Салкынбай, А., & Нурбеков, Т. (2023). Қазақ ертегілеріндегі мәдени-танымдық феномен: рефлексиялық мәні. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 219–233. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/322

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика