Кәсіби даярлық жағдайында білім алушыларды сандық жүйе бойынша әлеуметтендіру
Қаралымдар: 139 / PDF жүктеулері: 125
Аңдатпа
Мақалада цифрлық кеңістіктегі тұлғаның әлеуметтік жауапты мінез-құлқының
рөлі қарастырылады. Зерттеу 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары
білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын «Батыс Қазақстанның жоғары оқу
орындарындағы кәсіптік даярлық жағдайындағы білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігі»,
АР09058126 ИРН ғылыми жобасы шеңберінде іске асырылуда. Университеттердің қазіргі білім
алушылары мемлекеттің болашақ көшбасшылары болып табылады, сондықтан олардың ойлау
және мінез-құлық көрінісі елдің тұрақты даму шеңберін анықтайды. Сондықтан қазіргі отандық
университеттің миссиясы әлеуметтік жауапты білім беру арқылы студенттердің құндылықтар
жүйесін қалыптастыру болып табылады. Авторлар цифрлық университет жағдайында сапалы
білім беру бағдарламалары арқылы білім алушылардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі
мен жеке әлеуметтік жауапкершілігін халықаралық-құқықтық нормаларды ұлттық заңдар мен
заңға тәуелді актілерге трансформациялау жолымен мемлекетішілік деңгейде халықаралық
міндеттемелерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін идеялар мен құралдардың қажеттілігін растайды.
Ғылыми және әдістемелік негізді шетелдік ғалымдар S. L. Davis, L. M. Rives, S. Ruiz‐de‐Maya; J. C.
R. Sousa, E. S. Siqueira, E. Binotto, L. H. N. Nobre және т. б. еңбектері құрады. Мәселенің өзектілігін
растау мақсатында жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі көрсеткіші болып табылатын белсенділік
компонентін диагностикалау нәтижелері сөз сөйледі. Респонденттердің көпшілігінде өзін-өзі
басқарудың біртұтас жүйесін дамыту бойынша мақсатты жұмыс қажет екендігі анықталды, бұл
жалпы білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейінің жоғарылауына әкеледі.