Болашақ арнайы педагогтарды инклюзивті білім беру ортасында қызметке дайындауда кәсіби дағдыларды дамыту басты міндет ретінде


Қаралымдар: 179 / PDF жүктеулері: 85

Авторлар

  • Д.Ж. Рамазанова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • К.Ж. Туребаева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • A.K. Тогайбаева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, инклюзивті білім беру ортасы, кәсіби дайындық, арнайы педагог, кәсіби дағдылар, құзыреттілік

Аңдатпа

Инклюзивті білім берудің күрделі мәселелерін шешуде мұғалім маңызды рөл атқарады, өйткені ол балалардың қажетті дағдылар мен білімдерді табысты меңгеруі үшін оқу-тәрбие процесін қалыптастыратын, жүйелендіретін, танымдық материалдың мазмұнын нақтылайтын, білім алуына жеке дамуына мүмкіндік беретін тұлға. Бұл мақаланың мақсаты – болашақ арнайы педагогтың инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеуге дайындауда кәсіби дағдылары бар-жоғын анықтау. Зерттеуге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің «6В01901-Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 143 білім алушылары қатысты. Эксперименттік жұмыстарды жүргізу үшін авторлар болашақ арнайы педагогтардың кәсіби дайындық деңгейлерін анықтау мақсатында эксперименттік тапсырмалар әзірледі. Мақалада авторлар инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеу жоғары оқу орындарынан білім беру мекемелеріне инклюзивті білім беру ортасына бағытталатын арнайы педагогтарға қажетті кәсіби және жалпы құзыреттерді сипаттайды. Зерттеу нәтижесі инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеу үшін арнайы педагогтарды даярлауға қойылатын талаптарды анықтауға мүмкіндік берді. Авторлар болашақ маманның инклюзивті білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеуге дайындығының критерийлерін және әрбір критерий бойынша көрсеткіштерді анықтады. Әрбір көрсеткіш бойынша әзірленген тапсырмалар негізінде білім алушылардың дидактикалық білімдері мен практикалық дағдыларының қалыптасу деңгейлері сипатталды. Зерттеу нәтижелері бойынша талдау болашақ арнайы педагогтардың инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеу үшін кәсіби дағдыларын әлі де дамыту қажет екендігі тұжырымдалды.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рамазанова, Д., Туребаева, К., & Тогайбаева A. (2023). Болашақ арнайы педагогтарды инклюзивті білім беру ортасында қызметке дайындауда кәсіби дағдыларды дамыту басты міндет ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 176–191. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/407

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)