Музыкалық мекемедегі оқу процесінде студенттердің танымдық белсенділігі мен өзін-өзі тәрбиелеуін дамытудың теориялық негіздері
Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 76
Кілт сөздер:
өзін-өзі тәрбиелеу, танымдық белсенділік, белсенділік, компоненттер, білім алушы-музыканттар, мотивация, тұлғаАңдатпа
Мақала жоғары оқу орны студенттерінің музыкалық дайындық кезінде, атап айтқанда баянның сүйемелдеуімен дәстүрлі орындаушылық шеберлігін үйрету барысында танымдық белсенділігі мен өзін-өзі тәрбиелеуінің дамуын зерттеуге бағытталған. Бұл ұғымдарды қарастырудың алдында аталмыш мәселені әртүрлі аспектіде зерттеген ғалымдардың пікірлерін талдауға орын берілді. Яғни зерттеу нысанына алынған проблемаға қатысты ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдары сараланды.
Мақалада студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін қарастыруда авторлар аутодидактикалық процестер арқылы тұлғаның белсенді дамуын анықтады. Берілген тұжырымдама аясында өзін-өзі тәрбиелеу және білім алушы музыканттардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі көркемдік және шығармашылық өзін-өзі дамыту тұрғысынан қарастырылып, өзін-өзі тәрбиелеудің құндылығы ретінде дәйектелді.
Сондай-ақ, мақалада студенттердің танымдық белсенділігі мен өзін-өзі тәрбиелеуін дамытудың негізгі компоненттері, мысалы, мотивациялық-құндылық компоненті, тұлғалық-белсенділік және тұлғалық-даму компоненттері сипатталды. Зерттеуде олардың өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалып, таңдалуы негізделді.
Мақалада авторлар жеке даму компонентін сипаттау кезінде білім алушылардың қабілетін дамытудың екі бағытын анықтады. Олар: көркем-коммуникативті және көркем-шығармашылық компоненттер.
Зерттеуде музыкант студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыс кезеңдері сипатталды. Олар: музыкалық есту қабілетінің дамуын, музыкалық аспапта дербес авторлық орындауды немесе музыкалық-интеллектуалды ресурстарды белсендіру, көркемдік-бейнелік мәселелерді шешу, сондай-ақ, музыкалық материалды эскиздеу.
Сондай-ақ, авторлар жоғарыда аталған ұғымдарды дамытуда мұғалімнің кәсібилігіне назар аударады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.