Орталық Азиядағы субъективті әл-ауқат: ауыл мен қала айырмашылығы
Қаралымдар: 94 / PDF жүктеулері: 144
Кілт сөздер:
субъективті әл-ауқат, ауыл, қала, бақыт, өмірге қанағаттану, азаматтарАңдатпа
Мақалада Қазақстан мен Қырғызстанның ауылдық және қалалық жағдайларындағы
субъективті әл-ауқат қарастырылады. Осы мақсатта Дүниежүзілік құндылықтар сауалнамасының
7-ші толқынынан алынған деректер пайдаланылады. Субъективті әл-ауқат азаматтардың бақыты
мен өмірге қанағаттануы арқылы өлшенеді. Нәтижелер қарастырылып отырған Орталық Азияның
екі елінде субъективті әл-ауқат бойынша ерекшеліктер бар екенін көрсетеді. Екі елде де ауыл
тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда бақыттырақ және өмірлеріне қанағаттанарлық өмір
сүру деңгейін көрсетеді. Деректерге сай, Қырғызстанның астана қаласының тұрғындары ауыл
тұрғындарына қарағанда бақытсыз және өмірге қанағатсыз екенін көрсетеді. Ал Қазақстанда облыс
орталықтарының тұрғындарының субьективті әл-ауқаты ауылға қарағанда төмен. Бұл екі елдің
астаналары мен облыс орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі болуымен
түсіндіріледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.