Студенттерге шет тілін оқытуда аралас тәсілді қолдану
Қаралымдар: 88 / PDF жүктеулері: 96
Кілт сөздер:
білім, аралас оқыту, дәстүрлі оқыту, шет тілі, сандық білім беру ресурстарыАңдатпа
Мақалада жоғары оқу орындарында аралас білім берудегі шет тілін оқыту мәселелері қарастырылған. Технологиялық прогресс, білім берудің инновациялық нысандарының дамуы білім беру институттарында аралас білім беру технологиясын енгізуді талап етеді. Мақалада оқу үдерісінде сандық білім беру ресурстары мен онлайн платформаларды қолданудың өзектілігі айқындалады. Электронды ресурстар мен дәстүрлі әдіс-тәсілдердің біріктірілуі оқытудың жеке тұлғаға бағытталуына, студенттерде өздігінен әрекет жасай алу дағдыларын қалыптастыруға, оқуда жоғары нәтижелерге жетуге септігін тигізеді. Бұл еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Жүргізілген зерттеулер негізінде авторлар шет тілін аралас оқыту технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады. Аталған зерттеу аралас оқыту электронды немесе қашықтықтан оқытуға қарағанда оқытудың таңдаулы түрі болып табылатынын көрсетті және білім алушылар үшін, сонымен қатар білім беру институттары мен оқытушылары үшін көптеген артықшылықтарды ұсынады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.