Студенттік ортада әлеуметтік остракизмнің алдын алу бойынша ЖОО-да педагогикалық жұмысты ұйымдастыру мәселесі


Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 25

Авторлар

  • М.П. Асылбекова
  • И.Б. Шайхымуратова

Кілт сөздер:

әлеуметтік остракизм, остракизм типологиясы, остракизмнің даму кезеңдері, студенттік топтардағы остракизмнің алдын алушаралары

Аңдатпа

Бұл мақалада автор студенттік топтардағы әлеуметтік остракизм мәселесін зерттей келе, оны білім алушылардың физикалық және психологиялық әл-ауқатына қауіп төндіретін күшті және әмбебап әлеуметтік құбылыс ретінде анықтайды. Автор остракизмнің үлгілерін, остракизмге реакция кезеңдерін (рефлексиялық, қабылдау және т.б.) қарастырады, остракизмнің типологиясын (псевдоостракизм, рөлдік остракизм, жазалаушы остракизм, қорғаныстық остракизм, әдейі емес остракизм) қарастырады. Автор зерттеу тобында остракизмге қарсы тұрудың және алдын алудың негізгі шаралары ретінде негізгі қарым-қатынастарды құруды (танысу, өзін-өзі таныстыру, алғашқы қарым-қатынасты орнату), тренингтер өткізуді, топтағы қарым-қатынастың әлеуметтік немқұрайлылық формалары ретінде остракизм мен қорлау туралы пікірталас ұйымдастыруды, топтағы жат ағымдардың алдын алу бағдарламасын әзірлеуді көздейді. Автор бірінші курс студенттерінің оқу-тәрбие ортасындағы жат ағымның алдын алудың басымдық шарттарын белгілейді: жеке-ұжымдық, алдын алу негізінде бірінші курс студенттеріне жан-жақты кешенді педагогикалық қолдауды (оқытушы-кураторлардың, профессорлық-оқытушылар құрамының ынтымақтастығын) ұйымдастыру; - бірінші курс студенттерін қолдауға арналған бейімделу бағдарламасын іске асыруды баса көрсетеді

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асылбекова, М., & Шайхымуратова, И. (2023). Студенттік ортада әлеуметтік остракизмнің алдын алу бойынша ЖОО-да педагогикалық жұмысты ұйымдастыру мәселесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 37–46. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/500

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика