Тұлғаның белгісіздік жағдайындағы психикалық ерекшеліктері: теориялық шолу
Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 49
Кілт сөздер:
психикалық процестер, тұлға, COVID-19, белгісіздік, белгісіздікке толеранттылық.Аңдатпа
Мақалада әлемдік деңгейде оқшаулануға және күллі адамзатты күйзеліске әкелген
ерекше құбылыс COVID-19 әсерінен туындаған белгісіздік жағдайындағы кешірген тұлғаның
психикалық ерекшеліктері – мазасыздық, стресс, күйзеліс туралы, белгісіздік салдарынан
алаңдаушылықтың туындауына себепші болып, ал өз кезегінде үрей тудырып, адамға кедергі
келтіретіні және адамның жайлы психикалық дамуына жол бермейтіні турасында сөз етіледі.
Мазасыздық стресске сезімталдықтың көрініс ретінде өз кезегінде белгісіздікке толеранттылықтың
деңгейіне әсер ететіні байқалады.
Алайда осы аталған мәселе адамда бұрын-соңды байқалмаған ішкі әлеуетті, ерекше қуатты
ресурстық күйлерді басынан кешіріп, оны жүзеге асыруға талпындырып, адамның тұлғалық сипаты
ретінде белгісіздікке төзімділікті өмірлік норма ретінде қабылдауға, ақиқатты шығармашылықпен
субъективті сенімділікке ұштастыратынына көз жеткізуге болады.
Ғаламдық тұрғыда орын алған белгісіздікке толеранттылықпен қарсы тұру адамның тұлғалық
жағынан жетілуге, сондай-ақ тұрақтылық пен тұтастыққа ұмтылуға, қолайсыздықты еңсере алуға
қабілеттілігін арттыруға оң әсерінің болуы әбден мүмкін.
Зерттеулердің нәтижелеріне талдау жасау барысында мазасыздық деңгейі жоғары адамдарда
белгісіздікке деген толеранттылықтың төмен болатыны байқалады. Осындай күрделі жағдайда
адамда қиындықтар мен өзгерістердің барлығын өз бақылауымызда ұстай алмаймыз деген ойды
қабылдау, өзін сендіру әрине оңай болмайды. Осы орайда белгісіздіктің нәтижесінде мазасыздық
туындап, адамда қорқыныш, үрей пайда болады, бұл жайттың салдарынан түрлі сипаттағы
кедергілер бой көрсетіп, адамның оңтайлы дамуына жол бермейді.
Сонымен қатар covid-19 пандемиясының тұсында зерттелінушілердің анамнезінде психикалық
денсаулығында кінараты бар адамдардың терең күйзеліске түсіп, стрестік күйге жиі ұшырайтындығы
анықталған. Індеттің белең алуы кезінде психикалық реакциялардың адамның жас және гендерлік
ерекшеліктеріне қарай байқалуы, депрессияға, стресске және мазасыздық белгілеріне осал
топтардың ерекшеліктері көрсетілген.