Тәуелді адамдардың ұзақ мерзімді ремиссиясының алғышарты ретінде оңалту процесі аясында ортақ-тәуелді адамдармен жұмыс тиімділігі


Қаралымдар: 73 / PDF жүктеулері: 27

Авторлар

  • А.С. Мамбеталина
  • Э.Ф. Зайцева
  • А.Е. Ибрагим

Кілт сөздер:

тәуелділік, ортақ-тәуелділік, оңалту орталығы, рецидив,ремиссия.

Аңдатпа

Мақалада ортақ-тәуелділік мәселесі және оның маскүнемдіктен, нашақорлықтан
немесе құмар ойындардан зардап шегетін адамдардың ұзақ мерзімді ремиссиясына әсері
қарастырылады. Тәуелді адамдар үнемі жақындарымен қарым-қатынаста болғанынан, осылайша
оларды психологиялық ойындарға тартады және ортақ тәуелділікті одан ары дамытады. Ортақтәуелдіктің әсер етпейтін жалғыз мезгілі - психо-әлеуметтік оңалту кезеңінде. Орташа алғанда,
оңалту шамамен 4-6 айға созылады, бұл ортақ-тәуелділікті айтпағанда, тәуелділікті толық емдеу үшін
мүлдем жеткіліксіз мерзім. Бұл жағдайда білікті көмек болмаса, бірден бірнеше өмір жойылады.
Тәуелділік пен ортақ-тәуелділік бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан олар бірге зерттеледі
және емделеді. Біздің зерттеуімізде тәуелді қарым-қатынастардың тәуелділердің сауығуына әсер
етуінің белгілі бір заңдылықтары анықталды. Тікелей оңалту орталығындағы жұмыс тәжірибесі,
зерттеулер мен әдебиеттерді талдау нәтижелеріне сүйене отырып, біз ортақ-тәуелді адамдармен
жұмыс істеудің ең тиімді әдістерін әзірледік. Оларды оңалту орталығында да, одан тыс жерлерде
де пайдалануға болады. Тәуелді адамдарды да, ортақ-тәуелді адамдарды да емдеудің кешенді тәсілі
оңалту бағдарламасының түлектері тарапынан рецидивтерді азайтуды және олардың өмір сүру
сапасын жақсартуды ұйғаруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мамбеталина, А. ., Зайцева, Э. ., & Ибрагим, А. . (2023). Тәуелді адамдардың ұзақ мерзімді ремиссиясының алғышарты ретінде оңалту процесі аясында ортақ-тәуелді адамдармен жұмыс тиімділігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 347–356. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/511

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)