Коллаборациялық орта негізінде болашақ педагогтің кәсіби даярлығының теориялық-әдіснамалық негіздемесі
Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 18
Кілт сөздер:
коллаборациялық орта, бірлескен іс-әрекет, кәсіби іс-әрекет, кәсіби ынтымақтастық, топтық жұмыс, кәсіби құзыреттілік, практикаға бағдарланған оқыту, ынтымақтастық, бірлескен орта, ПОҚ-студент-жұмыс берушілердің өзара әрекеттестігі.Аңдатпа
Білім беру сапасы, оның ішінде кәсіби мамандарды даярлау, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне кепілдік береді. Яғни, жоғары білім беру саласындағы коллаборациялық ортаны құрудың жетекші факторлары жаһандану, технологиялық жетістіктер мен экономиканың жаңа түріндегі жоғары білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырыстың өзгеруі деп айтуға болады. Ұсынып отырған мақаланың мақсаты – болашақ педагогтің даярлығын қалыптастырудағы коллаборациялық ортаның рөлін зерттеу және нәтижелерін айқындау болып табылады.
Сондай-ақ, мақалада шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттердегі инновациялық білім беру технологиясы ретінде коллаборациялық оқу ортасының мәнін жан-жақты талдауға әрекет жасалды. Олай дейтініміз, шетелдік және отандық ғалымдардың ЖО- О-да коллаборациялық оқытудың, оның ішінде болашақ педагогтің кәсіби даярлығына қатысты артықшылықтары туралы көзқарастарын жинақтай отырып, «коллаборация», «коллаборациялық орта», «коллаборациялық оқыту», «коллаборациялық технология» ұғымдарының мәні ашылып, авторлық анықтама берілді. Университетте коллаборациялық оқу ортасын ұйымдастырудың артықшылықтары, тиімділігі, қадамдары және негізгі форматы – топтық жұмыстың принциптері сипатталған. Коллаборациялық ортаның құрамындағы жоғары білім беру ұйымдары қызметінің маңызды шарттары ашықтыққа, өзін-өзі басқаруға, ғылыми әлеуетті арттыруға және іске асыруға даярлық болып табылатындығы көрсетілген.
Кәсіби коллаборациялық педагогикалық қоғамдастықтың өзара әрекеттесуіне және әр қатысушының шығармашылық белсенділігі үдерісінде білімнің бір түрінің екіншісіне ауы-суына байланысты бірдей алгоритмге ие. Біртұтас ынтымақтастық үдерісі тәжірибе алма- суға; ұқсастықтар, гипотезалар, модельдер құруға; ассимиляцияға ауысуынан тұрады. Осы- лайша, іс-әрекеттің нақты алгоритмімен ұсынылған педагогикалық қоғамдастықтың кәсіби коллаборациясы қатысушылардың жетістіктерін ынталандыруды қамтамасыз етуге, қажетті құзыреттіліктерді үйретуге, бір мақсатқа жету үшін тиімді қарым-қатынас негізінде топтық үдеріске қосуға арналған деген қорытынды жасауға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.