Қазақстандағы облыстық қоғамдық кеңестердің қызметі


Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 72

Авторлар

Кілт сөздер:

қоғамдық кеңес, азаматтық қоғам, жергілікті мемлекеттік ұйымдар, әлеуметтік мәселелер, мониторинг, факторлар

Аңдатпа

Қазақстанның қоғамдық кеңестері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жалпы жұртшылықты мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне тарту үшін институционалдық негіз жасайды. Мақалада облыстық қоғамдық кеңестердің қызметі және осы консультативтік-кеңесші ұйымның мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеуде халықаралық қоғамдық кеңестер жұмысының ерекшеліктері талданады және Қазақстанның қоғамдық кеңестерінің әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары дәйектеледі. Сонымен қатар қоғамдық кеңестер мүшелерімен тереңдетілген сұхбаттар негізінде қоғамдық мәселелерді шешуге ықпал ететін негізгі факторлар зерттеледі. Мұндай факторларға қаржылық және кадрлық ресурстардың болуы, кеңес мүшелерінің құзыреті, әкімдік пен мәслихаттың рөлі, сондай-ақ нақты мәселелерді шешу мақсатымен кеңеске мүше болған төрағалар мен мүшелер сияқты жеке тұлғалардың рөлі жатады. Анықталған нәтижелер бойынша мақала авторлары кеңестердің материалдық-ресурстық қамтамасыз етілуін жақсарту және өңірлік кеңестердің әлеуетін арттыру үшін өңірлік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың сарапшылары мен ғылыми қызметкерлеріне  қоғамдық кеңеске мүше болуға квота бөлуді ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Макулбаева, Г., Давлетбаева, Ж., Дюсенов, М., & Амангелді, Ж. (2024). Қазақстандағы облыстық қоғамдық кеңестердің қызметі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 450–460. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/633

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану

Most read articles by the same author(s)