Қазақстан Республикасындағы инвесторлардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: агроөнеркәсіптік сектор


Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • А.В. Загребин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2418-584X
  • Ж.Ж. Давлетбаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2271-1570
  • Н.С. Жахин ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау, Қазақстан

Кілт сөздер:

сыбайлас жемқорлық; АӨК, ауыл шаруашылығы, субсидиялау, инвестициялар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, агроөнеркәсіптік сектор.

Аңдатпа

Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның елдің инвестициялық әлеуетіне нұқсан келтіретін маңызды әлеуметтік проблемасы болып қала береді. Ауыл шаруашылығы саласы Қазақстан Республикасы экономикасының базалық салаларының бірі ретінде жергілікті және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін тартымды болып табылады. Сонымен қатар, сала мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас сатысында туындайтын елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуымен сипатталады. Мұндай тәуекелдерді анықтау үшін құқықтық реттеуді нақты-социологиялық бағалау Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың жекелеген шараларын ұсыну саласындағы нормативтік- құқықтық базаға талдау жүргізілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын жүргізу саласында субсидиялар беруді, АӨК субъектілерінің инвестициялық шығындарын өтеуді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде регламенттейтін құжаттар зерттелді. Жүргізілген талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін бірқатар заңнамалық қайшылықтар мен осалдықтарды анықтады. Бұл факторлар кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезінде лауазымды адамдардың өз өкілеттіктерін заңсыз пайдалануына ықпал етеді. Инвесторлардың шешімі емес, олардың мінез-құлқы макроортаның жай-күйін ескере отырып, құқықтық факторлардың ықтимал әсері модельденген. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тұтастай алғанда елдегі қолайлы инвестициялық ахуалға ықпал етпейді деген қорытындыға келеді. Бұл ретте, нарықтың жекелеген жосықсыз субъектілері сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бәсекелестерден негізсіз артықшылық ала алады. Мақаланың соңында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар беріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Загребин, А. ., Давлетбаева, Ж. ., & Жахин, . Н. . (2024). Қазақстан Республикасындағы инвесторлардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: агроөнеркәсіптік сектор. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 699–714. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/705

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану

Most read articles by the same author(s)