ҒХТАР 15.21.51 Жас әйелдердің психологиялық саулығын зерттеудің теориялық негіздері


Қаралымдар: 132 / PDF жүктеулері: 187

Авторлар

  • А.А. Медетбекова НАО Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилёва
  • А.С. Нурадинов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-6058-2872

Аңдатпа

Мақалада мемлекет пен қоғамда әйелдердің алатын орны ерекше. Оның
негізі, ең алдымен жас әйелдердің психологиялық саулығы мен өмір сапасы және
қанағаттануынан бастау алады. Өкінішке орай, психологиялық саулық және өмір
сапасының болмауы, жас әйелдерді жайсыздыққа, өзін бақытсыз, дәрменсіз, жалғыз
сезінуге, отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырауы, қиын өмірлік жағдайлардың
құрбаны болуға әкеледі. Жас әйелдердің субъективті психологиялық саулығы, өмір
сапасы, өмірге қанағаттану мәселелері, экономикада, саясаттануда, мәдениеттануда,
денсаулық сақтау және әлеуметтік, психология ғылымдарында белсенді зерттелуде.
Дүние жүзінде болып жатқан саяси ахуал, қоғам дамуының қарқынды динамикасы мен
бәсекелестік жағдайлар адамның ыңғайлы, үйлесімді өмір сүруіне және психикалық
көңіл-күйінің жағымды және өнімді деңгейін сақтауға итермелейді. Мақалада отандық
және шетелдік ғалымдардың субъективті психологиялық саулық пен өмір сапасы,
қанағат сезімі, бақыт ұғымы туралы көзқарастары мен тұжырымдары талданған,
сондай-ақ әдіснамалық және теориялық, эмпирикалық студенттер мен жас әйелдердің
объективті және субъективті әлеуметтік-психологиялық факторлары, бағалау
механизмдері мен бағыттарының зерттелу жолдары көрсетілген.

Автор өмірбаяны

А.С. Нурадинов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Психология мамандығы бойынша 2 курс докторанты

Жүктеулер

Жарияланды

15.06.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Медетбекова, А., & Нурадинов, А. . (2023). ҒХТАР 15.21.51 Жас әйелдердің психологиялық саулығын зерттеудің теориялық негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 340–349. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/76

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)