Жасөспірімдердің ұлттық құндылықтарын сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 34
Аңдатпа
Мақалада жасөспірімдердің ұлттық құндылықтарын сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылады. Мақалада ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру мақсатында бекітілген мемлекеттік құжаттар негізге алынды. Сондай-ақ «ұлттық құндылықтар», «сыныптан тыс жұмыстар» сияқты кілттік ұғымдарға педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. әлеуметтік ғылымдар аясында зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері талданып, ұғымдарға түсіндірме жасалады. Сыныптан тыс жұмыстардың бағыттары мен формалары қарастырылды. Д.Б. Элькониннің жасерекшелік периодизациясына сәйкес, жасөспірімдік кезеңге сипаттама жасалды. Ғылыми мақаланың тәжірибелік бөлімінде жасөспірімдердің (7-11 сынып оқушылары) ұлттық құндылықтарының бастапқы деңгейін анықтау және оны тиімді жолмен қалыптастыру мәселелері талданды. Тәжірибелік жұмыс анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдерін қамтыды. Анықтау кезеңінде «Аяқталмаған сөйлем», «Суреттер сөйлесін» диагностикалық әдістемелері арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарының бастапқы деңгейі анықталды. Қалыптастырушы кезеңде жасөспірімдердің ұлттық құндылықтарын сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған қысқа мерзімді жоба құрылып, сынақтан өткізілді. Жоба тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибенің бақылау кезеңінде М. Рокичтің «Құндылықтық бағдарды анықтау» диагностикасы мен жағдаяттық сұрақтарды талдау әдістемелері қолданылды. Бақылау кезеңіндегі әдістемелердің нәтижелеріне сәйкес қысқа мерзімді жобаның тиімділігі бағаланып, зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.