Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби педагогикалық іс- әрекетінің теориялық мәселелері


Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Г.Т. Аюпова Alikhan Bukeikhanov University
  • М.Е. Мазанбекова Alikhan Bukeikhanov University

Кілт сөздер:

жоғары мектеп оқытушысы, кәсіби педагогикалық іс- әрекет, жетекші әрекет,бірлескен ақыл-ой әрекеті, педагогикалық біліктілік

Аңдатпа

Мақалада жоғары мектеп оқытушысының кәсіби педагогикалық іс- әрекетінің теориялық негіздері қарастырылған. Кәсіби іс-әрекеттегі өзгешеліктер жоғары мектеп оқытушысының кәсіби дамуындағы басты бағытты айқындайды. Осыған байланысты оқытушының кәсіби іс-әрекетіне түрткі болатын басыңқы құндылықтар, мотивтер, қажеттіліктер жүйесі байқалады. Кәсіби іс-әрекет құрылымындағы бөліктердің бірінің
басымдылықпен таңдалынуы оқытушының маман ретіндегі бағыттылығының мазмұны қарастырылған. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық қасиеттері кәсіби іс-әрекеті жүзеге асыруға және жетілдіруге, білім беру субъектілердің өзін-өзі танытуына әлеуетті мүмкіндік беретін интеграцияланған, синтезделген және өзара байланысты күрделі құрылым ретінде анықталады. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық дамуының құрылымдық мазмұны теориялық модельдеудің негізінде түсініліп, танылады. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық дамуы оңды бағытта және негативті, яғни
деформациялық сипатта болады. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық зерттеудің педагогикалық психологиялық негіздерімен әдіснамалық бағыттарының нақтыланып, қорытылуы сәйкес ғылымдар, білім беру теориясымен әдіснамасы үшін маңызды болады. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекетіне және кәсіби педагогикалық
қарым-қатынасына байланысты оның тұлғалық дамуының педагогикалық-психологиялық мәселелерінің талданып, айқындалуы қазіргі кездегі жоғары мектеп педагогикасы мен жоғары мектеп психологиясы саласында мәнді болады.

Жүктеулер

Жарияланды

17.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аюпова, Г. ., & Мазанбекова, М. (2021). Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби педагогикалық іс- әрекетінің теориялық мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 137(4), 140–147. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1637

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)