Орыс тілін оқытуда студенттердің тілдік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыру: психолингвистикалық аспект
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
білім, лингводидактика, лингвомәдениеттану, әлемнің лингвистикалық көрінісі, тіл мен мәдениеттің байланысы, тілдік-мәдени құзіреттілік, ассоциативті эксперимент, гештальтАңдатпа
Мақала орыс тілін оқытуда тілдік-мәдени құзіреттілікті қалыптастыру мәселелеріне арналған. Бұл жүмыста «тілдік-мәдени құзіреттілік» тұжырымдамасының ғылыми анықтамасын нақтылау мәселесі қойылған және оның студенттерде орыс тілі сабақтарында қалыптастыру жағдайлары қарастырылады, алға қойылған мақсаттарға жетудің дәстүрлі және жаңашыл әдістері мен тәсілдері қазіргі заманғы интегративті ғылымдардың, атап айтқанда, этнопсихолингвистиканың зерттеулерін қолдана отырып айқындалады. Мақалада, сондай–ақ, студенттердің және оқушылардың тілдік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыру бойынша отандық және шетелдік ғылыми теориялық зерттеулерге жалпы шолу жасалады және соның негізінде қазіргі білім беру саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі тілдік-мәдени құзіреттілікті дамыту болып табылатындығы туралы тұжырым қалыптасты. Тілдік-мәдени құзіреттілікті қалыптастыру әлемнің лингвистикалық көрінісін ескере отырып қарастырылады, сонымен қатар, болашақ мамандардың тілдік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыру әдісі ретінде ассоциативті эксперимент ұсынылған.






