ҚР мектеп бітіруші түлектері арасында кәсіптік білім алу мамандығын таңдау мен кәсіптік бағдарлаудың байланысы
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
кәсіби бағдарлау, мектеп оқушылары, кәсіптік бағыт, оқу мамандығы, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның барлық аймақтарынан 1474 мектеп бітіруші оқушыларының кәсіптік бағдарлау тестілеуі нәтижелеріне талдау берілген. Тестілеуде Bagdar.kz ақпараттық сайтында ұсынылған қазақстандық зерттеушілермен жасалған психодиагностикалық құрал қолданылды. 12 кәсіби салаға үлестірілген 36 мамандық бойынша оқушылардың түрлі қызмет салаларына деген қызығушылықтары, бейімділіктері мен қабілеттерін өзін-өзі бағалау арқылы анықтау тестінің қорытындылары, сонымен қатар,
тестке тіркелу кезінде оқушылар енгізген алдын ала таңдалған мамандықтар тізімі және ҰБТ-ның 4 кезеңінде таңдалған бейіндік пәндер нәтижелері бойынша корреляциялық талдауы сипатталған. Оқу мамандығын алдын
ала таңдау мен ҰБТ кезінде таңдалған бейіндік пәндер байланысы анықталды. Кәсіби тестілеу нәтижесінде қабілеттіліктері бір салада басым болған оқушылар болашақтағы қызмет саласын анықтамаған мектеп
оқушыларына қарағанда ҰБТ-ның бейіндік пәндері бойынша көбірек балл жинайды. Болашақ мамандығын алдын ала таңдаған оқушылар басқалармен салыстырғанда ҰБТ-ның бейіндік пәндері бойынша көбірек балл жинайды.






