М. Жұмабаев еңбектеріндегі патриоттық тәрбие үлгілері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
тәрбие, патриоттық тәрбие, отан, отансүйгіштік рух, ұлттық құндылық, жас ұрпақАңдатпа
Мақалада Мағжан Жұмабаев еңбектеріндегі патриоттық тәрбие үлгілері талданады. Шығармаларының ішінен біз патриоттық үлгі бола алатын еңбектері: «Батыр Баян» поэмасына, «Сүйемін», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» өлеңдеріне шолу жасалып, қарастырылады. Авторлар «Батыр Баян» поэмасын талдауда Баян батырды ержүректіктің және отанға сүйіспеншіліктің үлгісі ретінде қарастырады. Ал, «Сүйемін» өлеңін елдің, жердің және ата-анаға деген сүйіспеншіліктің сипатында көрсетеді.Сонымен қатар, «Мен жастарға сенемін» деген өлеңінде біз жас ұрпаққа сенім білдіру арқылы болашақта елім, жерім дейтін білімді де білікті жастарды тәрбиелеуге болатындығы туралы баяндайды. «Түркістан» өлеңінде ұлттық құндылықтарымыз арқылы патриоттық тәрбие қалыптасатына талдау жасайды.






