Ғылыми жетекшінің докторанттың зерттеу жұмысындағы рөлі: шетелдік зерттеу жұмысына шолу


Қаралымдар: 131 / PDF жүктеулері: 147

Авторлар

  • Ю.С. Токатлыгиль Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Ж. Салиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.В. Кармелюк Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • К.А. Салиева Мачерат Университеті

Кілт сөздер:

ғылыми жетекші, докторантура, докторанттар, PhD, диссертациялық зерттеу

Аңдатпа

Қазіргі докторантураның негізгі проблемалық мәселелері диссертациялық зерттеу жұмыстардың қорғаулуы айтарлықтай төмен пайызды көрсетіп отыр. Докторанттардың ғылыми-зерттеу прогресіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі ғылыми жетекшілік ету. Әдебиеттерге шолу жасаудың негізгі мақсаты – шетелдік зерттеулерді талдау және табысты ғылыми көшбасшылықтың негізгі компоненттерін анықтау. Аталған жұмыста зерттеліп отырған мәселе бойынша 34 жарияланған мақала мазмұнды талдаудың дәстүрлі тәсілін қолдана отырып, қаралып, талданған. Нәтижесінде ғылыми жетекшіліктің нақты компоненттері анықталды: кеңесшінің жеке қасиеттері, кеңесші және докторант арасындағы қарым-қатынас, жетекшілік тәжірибесі. Сонымен қатар, тағы бір маңыздысы-жетекшіні таңдау. Талдау жұмысының нәтижелері бойынша ғылыми жетекшілік етудің тиімді тәсілдерін жетілдіру бойынша бірнеше ұсыныстар тұжырымдалды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы: мақалада докторлық қадағалау бойынша әдебиеттерден алынған тұжырымдар мен дәлелдер пайдаланылады, бұл қазақстандық докторлық білім беруді жақсарту бағыттарын көрсетуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Токатлыгиль, Ю., Салиева, А., Кармелюк, А., & Салиева, К. (2023). Ғылыми жетекшінің докторанттың зерттеу жұмысындағы рөлі: шетелдік зерттеу жұмысына шолу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 307–318. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/203

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика