ЖОО-дағы педагогтардың кибер әлеуметтендірушілік құзыреттілігі


Қаралымдар: 197 / PDF жүктеулері: 54

Авторлар

  • М.Н. Айдар Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
  • С.С. Конырбаева Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
  • Д.Н. Айдар Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
  • М.К. Мамбетова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

кибер, киберпедагогика, киберәлеуметтендіру, педагог құзыреттілігі, АКТ.

Аңдатпа

Қазіргі ақпараттық, коммуникациялық және цифрлық технологияларды енгізу арқылы бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін ұйымдастыру және зерттеу жұмыстары ұсынылды. Білім беру жүйесін ақпараттандыру және цифрландыру кәсіби

міндеттерді шешу үшін ақпараттық, коммуникациялық және цифрлық технологиялар

ресурстарын тиімді пайдалана алатын педагогикалық мамандықтар студенттерін

кәсіби даярлаудағы проблемалар алға тартылды. Жалпы білім беру саласында «білім беруді ақпараттандыру» жайында соңғы жылдары жаңа технологияларын игеру барысында зерттелген шетелдік және Қазақстандық ғылыми еңбектер көрсетілді. Ғылыми еңбектер негізінде қорытындылар жасалды. Ақпаратты білімге айналдыруға арналған ақпарат көздері мен білім беру технологияларының алуан түрлілігі, білім беру көздерін білімге айналдырудың бір ғана жолы бар екені: бұл трансформация адам санасында жүзеге асатыны дәлелденді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызы, білім беру ісінде қолданылатын ақпараттық технологияларды игерудің жаңа заманауи үлгісінің

негізі бола алады. Білім беруді цифрландыру білімнің іргелі негіздерін анықтаудың, білімді жинақтау мен берудің жаңа кезеңін бастайды. ЖОО-да киберпедагог құзыреттілігін қалыптастыру киберәлеуметтендіруде маңызды орынға ие. Мақалада осы төңіректе педагогтар арасында ой қозғалып, сауалнама өткізілді. Сауалнамада АКТ құралдарын пайдалану және киберпедагог құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты сұрақтар қойылды. Сауалнама жауаптары негізінде қорытындылар жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айдар, М., Конырбаева, С., Айдар, Д., & Мамбетова, М. (2023). ЖОО-дағы педагогтардың кибер әлеуметтендірушілік құзыреттілігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 22–34. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/303

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика