Болашақ математика мұғалімдерін геометриялық салу есептеріне даярлауда «деңгейлеп оқыту» технологиясын қолдану


Қаралымдар: 151 / PDF жүктеулері: 101

Авторлар

  • Н.К. Мадияров М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Э.А. Турсынкулова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • А.Ж. Ерданкулов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

геометрия, салу есептері, деңгейлеп оқыту технологиясы, болашақ математика мұғалімі, деңгейлік тапсырмалар.

Аңдатпа

Мақалада ЖОО даярлаған «Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларына пәндік және метапәндік тұрғыдан талдау жасай отырып, болашақ математика мұғалімдерін геометриялық салу есептерін оқытуға әдістемелік даялау мәселесі зерттелген. Болашақ математика мұғалімдерін салу есептерін шығаруға оқытуда «деңгейлеп оқыту технологиясын» пайдалану негізінде, білім алушылардың шығармашылық және зерттеу қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау, абстрактілі ойлау және т.б. дағдыларын дамыту арқылы әдістемелік даярлығын жетілдіру мәселелері зерттелген. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу -тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану білім алушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады.Авторлар берілген мақалада зерттеу тақырыбы бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларға, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау, білім алушыларға жүргізілген онлайн -сауалнама мен сұхбат нәтижелеріне талдау жүргізген. Математика білім беру бағдарламасында білім алушы 68 студент педагогикалық экспериментке қатыстырылып, нәтижелерікөрсетілген. Сауалнаманың талдауы көрсеткендей, сабақта «деңгейлеп оқыту технологиясы» қолданғаннан кейін білім алушылар танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке субъективтік тұрғыдан танылды. Салу есептерін оқытуда «Деңгейлеп оқыту технологиясын» қолдану білім беруді нәтижелі, тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік даярлығы көрсеткішінің артатындығы көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мадияров, Н., Турсынкулова, Э., & Ерданкулов, А. (2023). Болашақ математика мұғалімдерін геометриялық салу есептеріне даярлауда «деңгейлеп оқыту» технологиясын қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 155–167. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/317

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)