Қазақстан университеті оқытушыларының инновациялық қызметке дайындығы: ғылыми және тәжірибелік аспектілер
Қаралымдар: 123 / PDF жүктеулері: 15
Кілт сөздер:
инновациялық белсенділік, қабілеттілік компоненттері, шығармашылық жетістіктер, өзін-өзі бағалау, университет оқытушысы.Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы ЖОО оқытушылардың инновациялық қызметке дайындығы мәселелері қарастырылады. Университет оқытушыларының инновациялық қызметке дайындығы мәселесін зерттеудің өзектілігі жоғары білім беру саласындағы оқытушының жеке басына қойылатын заманауи талаптарға байланысты. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның жоғары оқу орындары оқытушыларының инновациялық қызметке дайындық дәрежесін анықтау болып табылады.
Мақалада ЖОО оқытушыларының инновациялық қызметіне арналған шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарына шолу берілген.
Зерттеу нәтижелерін алу үшін теориялық (зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарын талдау және жалпылау) және эмпирикалық (сауалнама, педагогикалық бақылау) әдістер қолданылды. ЖОО оқытушыларының инновацияларға дайындық дәрежесін анықтау мақсатында Қазақстанның 10 түрлі ЖОО оқытушыларымен сауалнама жүргізілді.
Университет оқытушысының дайындық құрылымының негізі ретінде В.А.Сластенин және Л.С. Подымованың мотивациялық, шығармашылық, технологиялық және рефлексиялық компоненттерді қамтитын университет оқытушысының инновациялық қызметінің негізгі сипаттамаларын ескерілді.