Болашақ әлеуметтік педагогтың инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру
Қаралымдар: 133 / PDF жүктеулері: 226
Аңдатпа
Мақалада жоғары оқу орындарындағы болашақ әлеуметтік педагогтарда инклюзивті
құзіреттілікті қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Болашақ әлеуметтік педагогтардың
инклюзивтік тәжірибені енгізуге кәсіби дайындығын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланып,
кәсіптік оқытудың осы саласындағы қолда бар зерттеулерге талдау жасалды. Мәселені шешу үшін
авторлар 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика» мамандығының студенттері арасында сыныптан тыс
жұмыстарда инклюзивті құзіреттілікті қалыптастыру бағдарламасын әзірледі, сонымен қатар
оны тестілеу нәтижелерін ұсынды. Авторлар болашақ әлеуметтік педагогтардың инклюзивті
құзыреттілігін дамытуды жаңартуға бағытталған бағдарламаны іске асыру бойынша әдістемелік ұсыныстар береді. Болашақ әлеуметтік педагогтардың инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру
критерийлері, көрсеткіштері, деңгейлері әзірленді. Авторлар болашақ әлеуметтік педагогтарда
инклюзивті құзіреттілікті қалыптастыру бойынша ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша
эксперименттік зерттеудің нәтижелерін ұсынды.