Орта мектепте шет тілін оқытуда фразеологиялық бірліктерді қолданудың әдістемелік тәсілдері


Қаралымдар: 155 / PDF жүктеулері: 59

Авторлар

  • З.Р. Ибраева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • К.Н. Булатбаева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы
  • Д. Веселинов Киелі Климент Охридский атындағы София университеті

Кілт сөздер:

мақал-мәтел, ауыз әдебиеті, әдістемелік құндылық, практикалық құндылық, коммуникативтік құзыреттілік, оқу-тәрбие процесі, орта мектеп.

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі оқушыларды бейнелі және экспрессивті шетел тілінде сөйлеуімен таныстырудың маңызды көздерінің бірі фразеологиялық бірліктер қоры болып табылатындығымен анықталады. Тілдің фразеологиялық қоры ұлттық-мәдени дәстүрлерді, дүниетанымның құндылықтарымен ерекшеліктерін көрнекті және айқын көрсететін, сондай-ақ қазіргі әлемдегі мәдениетаралық қарым-қатынастың рөлі тез артып келе жатқан ең қызықты және өнімді объектілердің бірі болып көрінеді. Зерттеудің мақсаты -фразеологиялық бірліктердің рөлі мен әдіснамалық маңыздылығын негіздеу және анықтау, яғни оқушылардың мәдениаралық коммуникативті құзыреттілігінқалыптастыру мақсатында орта білім берудің әртүрлі деңгейлерінде ағылшын тілін оқыту процесінде мақал-мәтелдерді қолдану. Ағылшын тілін оқыту процесінде мақал-мәтелдерді қолдануға арналған жаттығулар кешені әзірленіп, сыналды. Зерттеу нәтижелері мектепте, колледжде және басқа білім беру ұйымдарында ағылшын тілін оқытуда тікелей оқу процесінде қолдануға болады. Зерттеу материалдарды ағылшын тілін оқытуға арналған оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын әзірлеу кезінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибраева, З., Булатбаева, К., & Веселинов, Д. (2023). Орта мектепте шет тілін оқытуда фразеологиялық бірліктерді қолданудың әдістемелік тәсілдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 119–130. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/344

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика