Жастарды оқытудың түрлі кезеңдерінде білім беру процесін экологияландыру: құндылық-мотивациялық негіздер
Қаралымдар: 37 / PDF жүктеулері: 59
Кілт сөздер:
экологияландыру, «жасыл мектеп», «жасыл колледж», «жасыл университет», экологияландырудың типтік мазмұны, экоеріктлік, құндылықтар, мотивтер және қызығушылықтар, мүдделер.Аңдатпа
Экологиялық саясаттың ұстанатын басты бағыты – үздіксіз экологиялық білім беру арқылы қоғамның барлық құрылымдарын қамтитын жүйе қалыптастыру. Бұл ретте оқытудың әрбір кезеңінде білім алушылардың алдыңғы кезеңдегі қол жеткізген нәтижелеріне есеп жүргізіледі. Сәйкесінше, жаңа экоұрпақ қалыптастыру үшін білім алушылардың экологиялық бағдарлы іс-әрекетін дамыту маңызды болып табылады. Білім алушылардың меңгерген білімі тәжірибеге бағытталған экологиялық құзыреттілік арқылы тағандалуы тиіс. Мақалада авторлар мектеп кезеңінен бастап, техникалық пен кәсіби және жоғары білім алу кезеңіндегі, сонымен бірге магистратура мен докторантура кезеңіндегі білім беруді экологияландыру мазмұнының сабақтастығын қарастырады. Дидактиканың оқытудағы сабақтастықты сақтау принципі оның білім алушылардың жас ерекшелігін есепке алу принципімен, тұлғаның дамуындағы психологиялық қырын ескеру принципімен және тағы да басқа принциптермен байланысты болуын көздейді. Мақалада ұсынылып отырған материалдар осы айтылған мәселеге орай, білім беруді экологияландырудың сабақтастығы туралы идеяны келешекте білім мазмұны арқылы, оқыту процесінде және оқыту нәтижелерін әзірлеу арқылы дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңызы ұсынылып отырған оқытудың түрлі кезеңдерінде білім беру процесін экологияландырудың типтік мазмұндық моделі негізінде танылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.