Неке адалдығын бұзуды зерттеу


Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 36

Авторлар

Кілт сөздер:

неке одағы, неке адалдығы, отбасылық құндылық, менталитет, гендерлік сәйкестік, опасыздық, эмоционалды байланыс, сатқындық жағдайы, отбасылық қатынастар, неке қатынастарын тұрақтандыру

Аңдатпа

Мақала некедегі ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, тұрмыстағы рөлдері мен міндеттерді белгілеу, өзара шешім қабылдау, бос уақытты жоспарлау, отбасылық бюджетті жүргізу, бірлескен құндылықтар жүйесін белгілеу және т.с.с. мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу мәселелеріне арналады. Отбасы институты қоғамда және әр адам үшін ерекше орын алады. Неке қатынастарының үнемі өсіп келе жатқан тұрақсыздығы қазіргі уақытта шетел және отандық ғалымдардың назар аударған өзекті мәселесі болып табылады.

Неке одағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерудің қуанышынан басқа, жаңа жүйеде өмір сүруге тура келетін жас жұбайлардың жетілуіне арналған сынақтарды қамтиды. Некедегі көптеген қиындықтардың ішінде опасыздық мәселесі ең ауыр болуы мүмкін. Барлық уақытта да адалдық некенің ең жоғары құндылығы болып саналған. Сүйіспеншілікпен орныққан неке көптеген ерлі-зайыптылар ұмтылатын идеал болса да,  қоғамда махаббат некенің міндетті талабы емес. Дегенмен, сүйіспеншілік некенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, көбінесе оны жасаудың жалғыз мотиві де. Сондықтан сатқындық ауыр дағдарысқа немесе тіпті отбасының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Опасыздықтың себептері, жағдайлары мен салдары, сатқындық ықтималдығымен байланысты жұбайының қасиеттері, сондай-ақ сатқындық жағдайын тудыратын жұбайының сезімдері мен эмоциялары туралы білумен қатар, сонымен бірге біз қазіргі отбасылардың опасыздық фактісіне қалай қатысы бар екендігі туралы сұрақтарға жауап алу мақсатында тәжірибелік зерттеуді ұйымдастырып, ерлер мен әйелдердің неке адалдығын бұзуға деген көзқарасын анықтауға бағытталған психодиагностикалық әдістер арқылы алынған зерттеу деректеріне сүйеніп талдау жасадық.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мандыкаева, А., Алимбаева, Р., Жансерикова, Д., & Капбасова, Г. (2024). Неке адалдығын бұзуды зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 293–303. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/430

Журналдың саны

Бөлім

Психология