Интегралды-креативті ойлау стилі психологиялық феномен ретінде


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • А.Қ. Косыбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университететі, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9755-7061
  • И.Б. Гайворонская А.С.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург қаласы, Ресей https://orcid.org/0000-0003-3530-7291

Кілт сөздер:

ойлау, ойлау стилі, креативтілік, интегралдылық, интегралды-креативті ойлау стилі, студент.

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар ойлау стилі, дәлірек айтқанда студенттердің интегралды- креативті ойлау стилі сияқты психологиялық құбылысқа теориялық шолу жасады. Ойлау стилі – бұл адамның ақпаратты игеру, өңдеу және жүйелеу, идеялар мен көзқарастарды қалыптастыру, мәселелерді шешу, шешімдер қабылдау және өз ойын білдіру тәсілі. Әр адамның оқу, проблемаларды шешу немесе тіпті өнімді әзірлеу кезінде өзіндік ойлау стилі болады. Мақаланың негізгі мақсаты "ойлаудың интегралды-креативті стилі" ұғымына талдау жүргізу, осы құбылыстың пайда болуы мен даму тарихын қысқаша баяндау, оны зерттеген танымал психологтардың тұжырымдамалары мен көзқарастарын ұсыну. Қолда бар зерттеулерді талдай отырып, осы саладағы креативтіліктің, интегралдылықтың әртүрлі анықтамалары қарастырылды, креативтіліктің дамуына әсер ететін факторлар сипатталды. Күрделі сұрақтар мен құбылыстарды ажыратуға бағытталған ойлау дағдыларының әртүрлі түрлерін зерттегеннен кейін, бұл мақалада интегралды ойлау ретінде анықталған ойлаудың жаңа модальділігін қолдану қажеттілігі айтылады. Интегралды ойлау – бұл қазіргі заманғы қажеттілікке сәйкес келетін ғылымда, мәдениетте, кәсіп, және өнердегі интегралды ойлау түрі немесе жеке сананың эволюциясы. туралы. Сондай-ақ, оны әртүрлі кәсіби салаларда, әсіресе кешенді тәсілдер қажет болған кезде қолдану пайдалы. Интегралды ойлауды тұтас білім мен педагогикада қолдануға болады. Тақырып өзектілігі интегралды білім берудің тәжірибесі мен күн тәртібін сипаттауға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Косыбай, А. ., & Гайворонская, И. (2024). Интегралды-креативті ойлау стилі психологиялық феномен ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 575–587. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/437