Қазақстан тұрғындарының мысалында өмірге қанағаттанушылық пен бақытты көлденең зерттеу


Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 98

Авторлар

Кілт сөздер:

өмірге қанағаттанушылық, бақыт, сенімділік статистикасы

Аңдатпа

Мақалада Өмірге қанағаттанушылық шкаласын қазақ тіліне бейімдеу және осы әдістеме арқылы алынған көрсеткіш бойынша өмірге қанағаттанушылықтың бақытқа әсер ету ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеудің нәтижелері қамтылған. Зерттеуге 16-70 жас аралығында Қазақстанның қазақ тілді тұрғындары (N = 417; орта жас = 27, SD = 8.8) қатысты. Зерттеу барысында таңдау тобы қалыпты үлестірім заңдылығына сәйкес екендігі тексерілді және осыған сәйкес көрсеткіштерді талдауда параметрлік әдістер қолданылды. Diener және оның әріптестері ұсынған Өмірге қанағаттанушылық шкаласы (SWLS, 1985) қазақ тіліне аударылып, ұлт пен тіл ерекшелігіне сай бейімделді. Жалпы және жеке тармақтар бойынша альфа-Кронбах коэффициенті 0,8-ден жоғары болып, әдістеменің сенімділігі статистикалық тұрғыда дәлелденді. Ал, респонденттердің бақыт деңгейін анықтауда Оксфордтық бақыт сауалнамасының қазақ тіліне бейімделген нұсқасы қолданылды. Өмірге қанағаттанушылық пен бақыт арасындағы байланысты зерттеу үшін Пирсон бойынша корреляциялық талдау жүргізіліп, нәтижесінде аталған екі айнымалы арасында тікелей оң байланыс бар екендігі анықталды (r = 0,688; p < 0,01). Мәліметтерді дисперсиялық талдау өмірге қанағаттанушылықтың бақытқа әсер ететінін көрсетсе, регрессиялық талдау арқылы өмірге қанағаттанушылықтың 45% жағдайда бақыттың предикторы болатыны дәлелденді. Бұл нәтижелер позитивті психология саласындағы зерттеушілер мен психологтардың қазақ тілді тұлғалармен жұмыс жасау кезінде қолдануға болатын Өмірге қанағаттанушылық шкаласының бейімделуіне маңызды үлес қосады. 

Жүктеулер

Жарияланды

25.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Касымжанова, А., Пико, Б., & Ахан, Қ. (2023). Қазақстан тұрғындарының мысалында өмірге қанағаттанушылық пен бақытты көлденең зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 145(4), 321–331. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/491

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)