Қызметкерлерді ынталандыру – қызмет тиімділігін арттыру құралы


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 216

Авторлар

  • М.Н. Әбдіқалықова
  • А.Ж. Аяғанова

Кілт сөздер:

ынталандыру, ынталандыру факторлары, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, кадрлық әлеует.

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мәселесі
қарастырылады. Шетелдік және заманауи психология ғылымындағы ынталандыру
теорияларына, оның анықтамаларына талдау жасалады. Бүгінде басқарудың заманауи
тәсілдерінде ынталандыру қызмет тиімділігін арттыру құралы болып табылады.
Сонымен қатар ынталандыру процесс, ниет және мақсатпен тығыз байлнысты.
Қызметкерлерді ынталандыру мемлекеттік билікті жүзеге асырудың қажетті
шарты ретінде алға шығады. Ұйымның болжамды болашағын құруда ынталандыру
стратегиялық сипатқа ие. Мекемедегі басқару жүйесінің органикалық бөлігі
ынталандырумен байланысты болып табылады. Осы орайда ынталандыру қызметті
басқару және оның тиімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі.
Ұйымның ынталандыру функциясын уақыт пен кеңістіктегі процесс ретінде
қарастыруға болады. Ал ынталандыру тетіктері арқылы қызметкерлердің еңбек
әрекетіндегі қажеттіліктері мен үміттенулері қанағаттандырылады.
Мемлекеттік қызметшілердің тиімді жұмыс істеуге деген ұмтылысы тәуелді
болатын ынталандыру факторларын зерттеу үшін сауалнама жүргізіліп, оның
нәтижелері суреттерде ұсынылды. Қызметке кадрларды іріктеу, мемлекеттік
қызметке таланттарды тартудың жаңа тетіктерін ынталандыру арқылы негіздеу
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы кадр саясатының жүргізілуі бойынша
SWOT-талдау жасалып, тұжырымдар беріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әбдіқалықова, М. ., & Аяғанова, А. . (2023). Қызметкерлерді ынталандыру – қызмет тиімділігін арттыру құралы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 285–295. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/508

Журналдың саны

Бөлім

Психология