Қоғамдағы еркектік және әйелдік мәдениет: жастардың қалауы
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 50
Кілт сөздер:
әлеуметтік конструктивистік көзқарас, гендерлік өзіндік сана, гендерлік сәйкестілік, гендерлік құндылықтар, ерлер мәдениеті және әйелдер мәдениеті.Аңдатпа
Мақалада әрбір таңдаудың нақты деректерін статистикалық өңдеуге субъектілердің
жауаптарын ресімдеу мақсатында жүргізілген пилоттық эксперимент сипатталған. Ұлдар мен қыздар
арасындағы гендерлік құндылықтарға басымдық берудегі айырмашылықтардың статистикалық
маңыздылық деңгейін бағалау үшін φ*-критериі – Фишердің бұрыштық трансформациясы –
пайдаланылды.
Зерттеу гендерлік өзіндік сананың тану құрылымына мотивациялық компонентті
(құндылықтарды) енгізу туралы автордың ұстанымын негіздейді, жастар санасындағы еркектік
және әйелдік құндылықтардың арақатынасын эмпирикалық зерттеудің әдістемесі мен нәтижелерін
сипаттайды. Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуіне байланысты басқа
мәселелермен қатар гендерлік психология мәселелері де аса маңызды болып отыр. Параметрлік
модельге қоғам мәдениетінің бес өлшемімен қоса, еркек пен әйелдің эмоционалдық рөлдерінің
бөлінуін көрсететін еркектік және әйелдік сияқты өлшемдер кіреді. Бастапқыда Г.Хофстеденің
зерттеулері әртүрлі елдердің үстемдік ететін (ер немесе әйел) мәдениетін анықтауға бағытталған.
И.С.Кон алғашқылардың бірі болып психологияға қатысты өз идеяларының болашағы туралы баса
айтты. Отандық гендерлік психологияны дамытудың өзекті бағыттары анықталды. Гендерлік теңдік
бойынша мемлекеттік стратегиялық мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің гендерлік индекстермен
және статистикалық деректермен салыстырмалы талдауы қолданылды.
Зерттеудің мақсаты – қоғамның өзекті мәселелері тұрғысынан қазақ гендерлік психологиясының
дамуының негізгі бағыттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері – Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған стратегияны
тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін негізгі проблеманы анықтау.