Болашақ математика мұғалімдеріне геометрия курсын оқытуда динамикалық геометрия жүйесін қолдану ерекшеліктері мен тиімділігі
Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 70
Кілт сөздер:
динамикалық геометрия, геометрия, GeoGebra, цифрлық білім беру ресурстары, болашақ математика мұғаліміАңдатпа
Берілген мақалада болашақ математика мұғалімдеріне геометрия курсын
оқытуда динамикалық геометрия жүйесін қолдану ерекшеліктері мен тиімділігі зерттеліп, нәтижелері баяндалған. Педагогикалық университеттердегі геометрия курсын
оқытудың негізгі мақсатына математика пәні мұғаліміне қажетті білім, білік, дағдыны, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, математикалық ойлауын дамытуды,
геометрияға деген қызығушылықты арттыруды, сонымен қатар геометрия пәніне деген
қызығушылықты қалыптастыру жататындығы белгілі. Осы мақсатқа жету үшін материалды баяндау мен зерделеудің заманауи технологиялары бар геометриялық оқыту
жүйесі қажет, мұнда дәстүрлі оқыту әдістері ғана емес, сонымен қатар шығармашылық
ойлауды, стандартты емес көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін әдістер басым
болатындығы туралы айтылған. Қазіргі кезде қолданылатын динамикалық геометрия
жүйелеріне сипаттама берілген. Студенттерді цифрлық білім беру ресурстары арқылы
оқытуға геометрия мен алгебраны, кестелерді, графиктерді, статистика және математикалық анализді бір ортаға әкелетін, білім берудің барлық деңгейіне арналған интерактивті компьютерлік бағдарлама болып саналатын GeoGebra динамикалық геометрия жүйесі таңдап алынған. Мақалада GeoGebra – ны қолдана отырып студенттерге
практикалық сабақ жүргізу барысындағы «Көпжақтар» тарауын өту барысында қолданылған бірнеше тапсырмалар мен олардың цифрлық 3D үлгілері берілген. Тәжірибеде Математика білім беру бағдарламасында білім алатын 2 курс студенттері қамтылған.
Тәжірибе нәтижесі бойынша бақылау мен тәжірибе топтары арасында курс барысында
оқытылған тақырыптардан тұратын геометриялық білімдерін тексеруге арналған
тест түрінде бақылау жүргізілген. Бақылау мен тәжірибе топтары арасында жүргізілген тәжірибеден кейінгі топтардың геометриялық дайындығы арасында айтарлықтай
айырмашылық бар екендігін 0,95 сенімділікпен анықталған.