Цифрлық дәуірде болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамыту мүмкіндіктері
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 9
Кілт сөздер:
транссауаттылық, болашақ педагог-психолог, сыни ойлау, дағды, цифрлық технология, ақпараттық технология, цифрлық орта.Аңдатпа
Мақалада болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамытудың бүгінгі цифрлық дәуірдегіжағдайына талдау жасау арқылы транссауаттылықты дамытудың мүмкіндіктеріқарастырылды. Транссауаттылық – бұл сауаттылықтан гөрі кеңірек және трансверсалды дағдының компоненті ретінде жан-жақты қарастырылатын ұғым, ақпаратты әртүрлі контексттерде, соның ішінде цифрлық ортада түсіну және пайдалану қабілетін қамтиды. Сонымен қатар, сыни ойлау, талдау, ақпаратты түсіндіру, цифрлық кеңістікте - тиімді әрекеттесу дағдыларын қарастырады. Демек, транссауаттылық жеке және кәсіби мақсаттарға жету, ақпаратқа қол жеткізу және цифрлық технологияларды пайдалану күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі ретінде білім берудің маңызды құрамдас бөлігіне айналады. Транссауаттылық ұғымының мәнін ашу мақсатында шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттер жүйелі талданып, терминнің шығуы мен негізгі аспектілері қарастырылды.
Мақалада бүгінгі цифрлық ортада ақпаратпен тиімді әрекеттесу арқылы кәсіби білім, білік, трансверсалды дағдыларды дамыту мүмкіндіктері зерттелді. Болашақ педагог-психологтердің транссауаттылық деңгейінің ағымдағы жағдайын білу мақсатында арнайы сауалнама жүргізіліп, нәтижелері талданды. Сауалнама цифрлық құралдар мен бағдарламалардың кәсіби қызметтегі қажеттілігін анықтауға негізделген. Зерттеу нәтижелері қатысушылардың көпшілігі білім беру мен болашақ кәсіби қызметтерінде цифрлық технологияларды құнды құрал ретінде қарастыратынын көрсетті. Алынған теориялық және сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып авторлар тарапынан болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік ұсыныстар мен тұжырымдар берілген.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.