Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік портреті, дайындау, білімін жетілдіру мәселелері


Қаралымдар: 224 / PDF жүктеулері: 99

Авторлар

  • О.М. Жолымбаев Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей, Қазақстан
  • Г.Е. Берикханова емей қаласының Шәкәрім атындағы университеті,Семей, Қазақстан
  • А.А. Мухамбетова Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы, Астана, Қазақстан
  • Д.Р. Онтагарова Shakarim University of Semey, Kazakhstan

Аңдатпа

Еліміздегі педагогтардың, оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік портреті, педагогтарды даярлау, кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру мәселелері мақаланың өзектілігін айқындайды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын университеттердің, колледждердің білім беру бағдарламаларына салыстырмалы анализ жасалды. Алыс-жақын шетел ғалымдарының педагог даярлаудағы іс-тәжірибелері қарастырылды. Педагогтың білімін сырттай бағалау бойынша университеттердің рейтінгісі шығарылды. Білім беру мазмұны- ның жаңартылуы мұғалімнен пәндік білімін үнемі жоғарылатып отыруды талап етеді. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдеріне негізгі төрт пән бойынша қандай тараулар мен бөлімдерден пәндік білімін көтеру қажет екендігі анықталды.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі қиындықтар қарастырылып, жағдайды жақсарту үшін стратегиялар мен ұсыныстар жасалды.

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау бойынша орта кәсіптік білім, жоғары білім, жоғары білім беруден кейінгі білім беру бағдарламалары салыстырылып зерттелді. Болашақ мұғалімдердің сапалы дайындығын қамтамасыз ету және бастауыш сыныптарда білім беру процесін жақсарту мақсатында білім беру мәселелері мен біліктілікті арттыру әдістеріне ерекше назар аударылады. Зерттеу және білім беру мекемелері, бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ Қазақстандағы бастауыш білім беру сапасын жақсартуға бағытталған білім беру саясатының басшылары үшін пайдалы болуы мүмкін құнды ұсыныстар мен практикалық қорытындылар ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

10.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жолымбаев, О. ., Берикханова , Г. ., Мухамбетова, А. ., & Онтагарова , Д. . (2024). Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік портреті, дайындау, білімін жетілдіру мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 149(4), 112–128. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/787

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика