Қазақстанда мұсылмандық діндарлық шкаласын бейімдеу


Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • А.Н. Ахметова Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, , Алматы, Қазақстан
  • А.С. Нурадинов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • А.С. Байзақова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы мұсылмандық діндарлық шкаласын (MRS) бейімдеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі – стандартталған әдістердің болмауына байланысты мұсылмандар арасындағы діндарлық деңгейінің өлшеу құралдарының қолданылмайтындығын анықтау. Діндарлық деңгейін өлшеудің психодиагностикалық құралдары негізінен христиандық конфессиялар үшін жасалған. Христиандық конфессиялардың діндарлық деңгейін өлшеудің көрсетілген диагностикалық құралдары мұсылмандар үшін қолданылмайды. Мақалада адамның діндарлық деңгейінің өлшенетін критерийлері, сондай-ақ қазақстандық популяцияда стандартталған әдістер мен әдістемелерді әзірлеу мәселелері қозғалды.

Мақалада осы мәселе бойынша негізгі әдеби мәліметтер келтірілген. Зерттеуге 226 адам қатысты. Қазақстандық зерттеу тобында мұсылмандық діндарлық шкаласын қолданудан алынған нәтижелер талданады. Мақалада Иран мен Қазақстан мұсылмандарының діндарлық деңгейін салыстыру нәтижелері келтірілген. Салыстырмалы талдау нәтижелері қазақстандық зерттелушілер тобында діндарлық деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. Мұсылмандық діндарлық шкаласының қысқаша сипаттамасы да берілген. Мақалада аталған шкаланың сенімділігін зерттеу нәтижелері келтірілген.

Психометриялық зерттеудің нәтижелері респонденттердің орыс тіліндегі репрезентативті зерттелушілер тобына негізделген. Альфа Кронбах (0,876) нәтижесі мұсылмандық діндарлық шкаласы тест сұрақтарының ішкі реттілігінің, дәйектілігі мен сенімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Қазақстандық үлгідегі мұсылмандық діндарлық шкаласын сынақтан өткізудің алынған нәтижелері ғылыми зерттеулерде пайдалану кезіндегі практикалық жарамдылығын айғақтайды.

Жүктеулер

Жарияланды

10.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахметова, А., Нурадинов, А. ., & Байзақова , А. . (2024). Қазақстанда мұсылмандық діндарлық шкаласын бейімдеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 149(4), 355–369. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/818

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)