Равен прогрессивтік матрицасы тестін қазақ тілінде стандарттау және бейімдеу
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Равен прогрессивті матрица тесті, интеллект, психометрия, тестті стандарттау, Кронбах альфа көрсеткіші, тесттік нормаларАңдатпа
Мақалада ұлттық тестілеу стандарттарын əзірлеудің өзектілігі жəне Қа
зақстан мектеп тəжірибесінде психологтардың тесттерді қолданудың ерекшеліктері сипатталған. Интеллектіні зерттеуге арналған Равен прогрессивті матрицасын қазақ тілінде бейімдеу жəне стандарттауға арналған зерттеу жұмыстарының нəтижесі қарастырылды. Қарастырылап отырған тесттің қысқаша сипаттамасы берілген. Зерттеуге қазақстандық 531 адам қатысты. Зерттеу нəтижесі бойынша бейімдеу жəне стандарттау процедураларына байланысты, тесттің сенімділігін анықтайтын шаралар жасалды. Зерттеу барысында əрбір 12-18 жас аралығындағы зерттелушілерге арналған ұлттық тест нормалары анықталды. Тесттің сенімділік деңгейі жоғары (Кронбах альфа коэффициенті 0, 771). Аталған тест психометриялық талаптарға сəйкес, қазақстандық популяцияда қолдануға жарамды






