Бизнес-инновацияларға қызметкерлердің позитивті қатынасын дамытудың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • М.Д. Касымова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • С.К. Бердибаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Б.Ш. Байжуманова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Х. Османов Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлерінің әскери институты
  • Е.Б. Адильжанов Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлерінің әскери институты
  • С.Д. Қосназарова Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Кілт сөздер:

бизнес психологиясы, өндірістік психология, менеджмент, бизнес-инновациялар, жұмысқа қанағаттану, ұйым

Аңдатпа

Мақала қызметкерлердің бизнес-инновацияларға позитивті қатынасын дамытудың психологиялық ерекшеліктерін теориялық және эксперименттік зерттеуге арналған. Зерттеудің екінші мақсаты – қызметкерлердің жұмысымен қанағаттануы және компанияда бизнес-инновацияларды енгізу арасындағы мүмкін болатын қатынастарды анықтау. Бизнес-инновацияны енгізу принципін ұстанатын компанияларда инновацияны ынталандыратын
корпоративті мәдениеттің ерекше түрі дамиды: жаңа идеялар мен ұсыныстарды бағалау процесі жақсы ұйымдастырылған, жобалар портфолиосы теңдестірілген, қызметкерлерге шығармашылық энергия мен
тәртіпті оңтайлы үйлестіруге мүмкіндік беретін жаңа құралдар мен процестерді қолданады. Инновацияны қалай басқаруды білетін компаниялар белсенді корпоративтік ортаны қалыптастырады. Олардың идеяларын жұмыс процесінде көретін қызметкерлер креативті, шығармашылық ойлауға
бейім бола алады, бұл бизнестің дамуына оң әсер етеді. Инновациялардың бизнеске оң ықпалын тигізуі қызметкерлердің өз жұмысына қанағаттануы мен коллективтің моральдық рухының көтерілуімен тығыз байланысты.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Касымова M. ., Бердибаева S. ., Байжуманова B. ., Османов A. ., Адильжанов Y. ., & Қосназарова S. . (2023). Бизнес-инновацияларға қызметкерлердің позитивті қатынасын дамытудың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 656–666. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1619

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)