Білім беру бағдарламаларының сапасын мониторингілеудің әдістемелік негізі: параметрлеу, бағалау объективтілігі, шешім қабылдауды алгоритмдеу
Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
мониторингілеу, сапа, білім беру бағдарламасы, параметрлер, алгоритм, басқару, шешімАңдатпа
Білім беру қызметі нарығындағы бәсекелестіктің өсуі бұл мәселенің мағыздылығын арттыра түсуде. Білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі, оларды сапаны қамтамасыз ету стандарттарына сәйкестігін бағалау нәтижелерінің жариялылығы білім беру қызметін тұтынушыларға таңдау мүмкіндіктерін кеңінен ұсынуда. Бүгінгі таңда білім алу мүмкіндіктерінің түрлі жоғары оқу орындарында әртүрлі формада кең ауқымда ұсынылу жағдайында білім беру бағдарламасының сапасы шешуші мәселе болуымен мақаланың өзектілігі айқындалған.
Монитерингілеу жүйесі Қазақстан Республикасының білім беру саласын тұтастай қамтыған, ал білім беру бағдарламасының сапасын мониторингілеу негіздемесін нақытылау, соның ішінде сапа параметрлерін анықтау, оларды қолдану арқылы алынған мәліметтерді бағалаудың объективтілігін арттыру және де айқындалған мәселені шешуде жеделділікті қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі екені мәлім.Мақалада білім беру бағдарламасы сапасын ішкі мониторингілеу процессіндегі сапа параметлеріне сәйкестігін объективті бағалау мүмкіндіктерін зерттеу нәтижесі ұсынылған. Қарастырылып отырған параметрлер математикалық аппаратты қолдану арқылы әзірленген.
Мақала белгілі бір білім беру бағдарламасының шынайы жағдайын көрсете, оның аса назар аудардуды қажет ететін жақтарын нақтылайтын сапа параметрлерін есептеу әдістемесінің сипаттамасы берілген. Басқару шешімдерін қабылдаушы субъектілер арасында өкілеттерді үлестіру схемасы көмегіне сүйене мониторингтік зерттеу жүргізу мақсатында білім беру бағдарламасының сапасын арттыру алгоритмі әзірленген. Осы бақылау әдістемесін қолдану арқылы жүргізілген зерттеу нәтижесі жаһандық интеграция жағдайындағы жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға бағытталаған жаңа басқару шешімдерін әзірлеу мүмкіндігін ұсынады.






