Биологиялық білім беру бағдарламаларының бір мысалы ретінде CLIL технологиясын жүзеге асыру мәселесі жайлы
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL), CLIL факторлары, CLIL іске асыру, білім алушылардың бейімделуі, оқытушылардың бейімделуі, сауалнамаАңдатпа
2015-2020 жылдарға арналған Үш тілді білім беруді дамытудың Жол картасына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары мектептері базасында көптілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында пән мен тілді кіріктіріп оқыту (Content and Language Integrated Learning) қолданылады. Кез келген педагогикалық технология сияқты, CLIL оқыту жүйесі де таңдалған пәндер циклінде, оқу нысанында немесе жалпы жоғары мектепте технологияны қолдану мен одан әрі дамытуға әсер ететін бірқатар факторларға иелік етеді. Пән мен тілді кіріктіріп оқытуды іске асыруға ықпал ететін немесе тежейтін факторлар, осы оқытуды іске асыру процесінің өзі де әлемдік практикада да, Қазақстан аумағында да айырықша назар аудару объектісі болып табылады. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің биологиялық білім беру бағдарламалары базасында осы факторларды зерттеуге, қолданыстағы оқыту үрдісінің оң және теріс ықпалдарын анықтауға және оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтауға бағытталған зерттеу жүргізілді. Зерттеу сауалнама әдісімен алынды. Пән- діктілдік кіріктірілген оқыту процесіне қатысушылар, яғни ағылшын топтарының оқытушылары мен білім алушылар респонденттер ретінде өздерінің пікірлерін білдірді. Алынған ақпараттар мен зерттеу нәтижелері негізінде мәселені жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы анықталып, пәндік-тілдік ықпалдастырылған оқытуды жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды. Алынған мәліметтер сөз болған технология оқытуды жүзеге асыру және оның сапасын одан әрі арттыру құралы ретінде қарастырылуы ықтимал екендігін көрсетті.






