Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері үшін интерактивті тапсырмаларды әзірлеуге арналған нұсқаулықтар
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
цифрлық технология, веб-сайт сервистері, интерактивті тапсырмалар, QR ентаңба, Web 2.0 қосымшасы, Google Drive, профильАңдатпа
Цифрлық технологияны пайдалану көптеген кәсіби салаларда негізгі талап
болып саналатындығы жасырын емес. Бұл, әрине, білімге де қатысты. Цифрлық технологиялардың көмегімен мұғалімдер материалды тиімді түрде ұсына алады, сондықтан оқу мүмкіндіктері едәуір кеңейеді. Осыған орай соңғы кездерде мектептерде жаратылыстану және басқа пәндерден сабақ беру барысында интерактивті онлайн тапсырмалар дайындалып, оқушылардың сапалы білім алуына және пәндерге деген қызығушылығының
артуына септігін тигізіп отыр. Мақалада пән мұғалімдерінің сабақ жүргізу ерекшеліктерін анықтап беретін көмекші құрал болып жүрген бірнеше веб-сайт сервистері зерделене отырып, өткізілетін пәндер ауқымында интерактивті тапсырмалар дайындау, олардың орындалу сапасын бағалау, осылайша бүкіл үдеріс нәтижесін жинақтау шаралары сөз болады. Жалпы алғанда, мақалада цифрлық технология түрлерін білім беру жүйесінде қолдану ерекшеліктерінің мән-жайы қарастырылып отыр.






