«Мектеп-зертхана» - мұғалімді ұжымдық оқыту тәсілін меңгеруге дайындау базасы


Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 52

Авторлар

  • К.К. Шалгынбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.М. Кусаинов «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
  • Ж.К. Салыкбаева Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  • А.А. Таутенбаева Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы, Қазақстан
  • Б.Т. Абыканова Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Кілт сөздер:

мектеп-зертхана, ұжымдық оқыту тәсілі, инновациялық процесс, инновациялық қызмет

Аңдатпа

Мектеп-зертхана-инновациялық қызметті меңгергісі келетін, өзінің кәсіби қызметіне әр кезде өзгерістер енгізе отырып, бір мектептің мұғалімдерінің арнайы ұйымдастырылған тобы. Осындай ротацияның нәтижесінде әр мұғалімнің біліктілігін арттыру жағдайында кәсіптік оқытудың үздіксіз және дараланатын сипатындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ практикада әр оқушыны нәтижелі оқытудың жаңа моделін құру мүмкіндігі бар. Осындай тәсілмен біліктілікті арттыруда білім алушы ересек адамның жас (тәжірибе деңгейі), психологиялық-педагогикалық, жеке ерекшеліктері ескеріледі. Бұл әрбір білім алушы оқытудың ұйымдастырушылық нысандарын, құралдарын, әдістерін, сондай-ақ инновациялық практикаға және ол игеретін теорияға ену дәрежесін таңдаған кезде маңызды. Бір жағынан, мұндай оқыту тек қалыптасқан біліктілікті арттыру жүйесінде жеке сипатта болады, ал екінші жағынан, практикада туындайтын қиындықтарды шешуде, пайда болған тығырықтан шығудың жолын іздеуде, тұтастай алғанда педагогикалық қызметпен байланысты әр түрлі мәселелерді шешуде ұжымдық ойлау (ұжымдық ойлау қызметі) жүреді.

Мақалада ұжымдық оқыту тәсілі тұжырымдамасында технологиялық аспект қарастырылған. Коммуникативті өзара оқыту технологиясын қолдана отырып, біз оқу процесіне оқытудың табиғи құрылымын – диалогтық жұптарды қосамыз. Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің негізінде оқытудың ұжымдық тәсіліне көшумен байланысты білім беруді одан әрі үдемелі дамытудың негізгі векторы ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шалгынбаева K., Кусаинов G., Салыкбаева Z., Таутенбаева, А., & Абыканова B. (2023). «Мектеп-зертхана» - мұғалімді ұжымдық оқыту тәсілін меңгеруге дайындау базасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 369–376. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/209

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)