«Бәсекеге қабілеттілікті дамыту» оқу курсының мазмұнын жүйелеу және құрастырудың дидактикалық негіздері


Қаралымдар: 129 / PDF жүктеулері: 250

Авторлар

  • Н.Ж. Дүйсекеева
  • Қ.Р. Калкеева
  • А.Ж. Қасаболат

Аңдатпа

Мақала «Бәсекеге қабілеттілікті дамыту» оқу курсын құрастыру
және практикаға енгізу мәселелеріне арналған. Мақалада оқу курсының жалпы
тұжырымдамасы беріліп, мамандарды бәсекеге қабілетті болуға дайындау барысындағы
тиімділігі нақтыланып, болашақ мамандардың тұлғалық бәсекеге қабілеттілігін
қалыптастыру мүмкіндіктері көрсетіледі. Автор оку курсының мазмұнын жүйелеу
және құрастыру барысында дидактикалық ұстанымдарды қатаң сақтау керектігін
көрсетеді. Яғни, оқу элементтерінің: ұғымдар, маңызды белгілер, қатынастар, заңдар,
ережелер, қағидаттар түрінде енгізілген танымдық заттар мен шындық құбылыстар
түсінілу қажет деп есептеді. Ғалымдар оқу үдерісіне енгізілген объектілер мен заттар,
үдерістер мен шындық құбылыстарды бірінші топқа жатқызады. Осы объектілер
мен үдерістердің мәні мен ерекшеліктерін ашатын барлық белгілер екінші топқа
жатады.
Сонымен қатар, оның мазмұнының мақала көтеріліп отырған болашақ маманның
бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталуын тәуелділігін логикалық және
психологиялық талдау арқылы анықтау қажет деген идеяны ұстанады.

Жүктеулер

Жарияланды

28.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дүйсекеева, Н., Калкеева, К., & Қасаболат, А. (2023). «Бәсекеге қабілеттілікті дамыту» оқу курсының мазмұнын жүйелеу және құрастырудың дидактикалық негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 58–67. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/376

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика