Белгісіздікке толеранттылықты зерттеу әдістемелерінің қазақ тіліне бейімделуі


Қаралымдар: 155 / PDF жүктеулері: 167

Авторлар

  • А.А. Касымжанова
  • С.Т. Бапаева

Аңдатпа

Белгісіздік қоғамда ғылыми білімнің табиғатын, адам бейнесін және
құндылықтарға қатысты өзін-өзі анықтауда туындайтын қиындықтарға себепші.
Аталмыш мәселенің шешімі белгісіздікті болмыстың негізгі шарты ретінде
тануға негізделген әлемнің экзистенциалды көрінісіне сәйкес анықталуы мүмкін.
Белгісіздікті тану және оған толеранттылық таныту психологиялық кемелдену мен
денсаулықтың шарты және белгісі.
Мақалада қазіргі заманғы әлемнің негізгі сипаттамаларының бірі ретінде белгісіздікке
толеранттылық ұғымына талдау жасалынып, белгісіздікке толеранттылықты
субъективті өзіндік есеп беру әдісімен тұрақты тұлғалық бітіс ретінде өлшеу
үшін психометрикалық шкаланы құрастырып енгізуге әрекеттенген авторлардың
қадамдары турасында сипаттама берілген.
Мақалада американдық ғалым, Д.Маклейннің «Белгісіздікке толеранттылық
шкаласы» және С. Баднердің «Белгісіздікке толеранттылық және интолеранттылық»
әдістемелерінің қазақ тіліне бейімделген нұсқасы берілген. Зерттеу жұмысының
мақсаты – ағылшын және орыс тілінде қолданылатын психодиагностикалық
әдістемелердің қазақша нұсқасын қалыптастыру, қазақ тіліндегі
психодиагностикалық әдістердің қорын арттыруға үлес қосу. Зерттеу барысында
белгісіздікке толеранттылықтың құрылымы талданып, сәйкес конструктілеріне
сипаттама берілген. Д.Маклейннің белгісіздікке толеранттылық шкаласы және С.
Баднердің «Белгісіздікке толеранттылық және интолеранттылық» әдістемесі қазақ
тіліне аударылып, сенімділік деңгейі (Альфа Кронбах коэффициенті бойынша) SPSS
бағдарламасымен дәлелденген психометрикалық сұрақнама арқылы қазақ тіліндегі
психологиялық құралдар қатары толықтырылды. Аталған психодиагностикалық
әдістемелерді қазақ тілді ғалымдар, психологтар, педагог-психологтар белгісіздікке
толеранттықты зерттеу барысында қолдана алады.

Жүктеулер

Жарияланды

28.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Касымжанова, А., & Бапаева, С. (2023). Белгісіздікке толеранттылықты зерттеу әдістемелерінің қазақ тіліне бейімделуі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 169–185. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/385

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)