Жаратылыстану-математика және дене шынықтыру пәндері арасындағы байланыстарды жүзеге асыру (теориялық аспектілері)


Қаралымдар: 24 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

  • С.Б. Мукушев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2399-4805
  • Е.К. Сатбаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана Қазақстан https://orcid.org/0009-0006-1378-3050
  • Г.К. Муратова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7131-577X
  • Г.Р. Кощанова Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5716-3415
  • Э.У. Сагиндыкова Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2770-0037
  • Р.С. Шуакбаева Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2644-4411
  • Д.К. Семирханова Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2644-4411
  • А.Б. Мукушев Қазақ технология және бизнес университеті, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5322-150X
  • Ж.К. Сыдыкова Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет, Алматы, Қазақстан

Кілт сөздер:

жаратылыстану-математика пәндері, дене шынықтыру, пәнаралық байланыс, дене жаттығулары, MathCAD 15 пакеті.

Аңдатпа

Мақалада жаратылыстану-математика және дене шынықтыру пәндерінің байланыстары қарастырылған. Дене шынықтыру пәні мұғалімінің дидактиканың негізгі принциптерінің бірі – пәнаралық байланысты жүзеге асыру бағыттары айқындалды. Орта мектепте оқушылардың денесін дамытуға қажетті жаттығулардың тиімділігін арттыруға бағытталған оқу материалдарын басқа пәндер тарапынан қамтамасыз ету мүмкіндіктері ашылды. Пәнаралық байланыстың дидактикалық фунцияларын дене шынықтыру пәнін оқытуда қолдану жолдары зерттелді. Пәнаралық байланыстардың оқушыларда білімнің жүйелілігін, оның тереңдігін және қолданбалылығын қалыптастырудағы орны айқындалды.

Орта мектепте оқытылатын физика, математика және информатика және дене шынықтыру пәндері арасындағы байланыстарды жүзеге асыру үдерісі жеке зерттелді. Оқушылардың дене шынықтыру пәні бойынша алған практикалық білімдерін физика бойынша зертханалық эксперимент жүргізу кезінде де қолдануға болатыны дәлелденді. Білім алушылар дене шынықтыру пәнін оқып-үйрену барысында танысатын математикалық ұғымдардың мәндері ашылды және география сабақтарының материалымен байланысты – топографиялық белгілерді, олардың карталарда қолданылу мүмкіндіктері ашылды. Биология пәнінен адам ағзасы және денсаулықты қорғауға байланысты тақырыптарды оқып-үйрену кезінде дене шынықтыру пәнімен байланыс принципін қолдану жолдары айқындалды. Физика, математика, информатика және дене шынықтыру пәндерін интеграциялап оқыту мәселесі қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мукушев, С., Сатбаев , Е., Муратова, Г., Кощанова, Г. ., Сагиндыкова, Э. ., Шуакбаева, Р., Семирханова, Д. ., Мукушев, А., & Сыдыкова, Ж. (2024). Жаратылыстану-математика және дене шынықтыру пәндері арасындағы байланыстарды жүзеге асыру (теориялық аспектілері). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 365–377. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/494