Қазақстанда АИТВ-инфекциясын жұқтырған және есірткіні қолданатын адамдармен әлеуметтік жұмыс
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қызметкерлер, АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар және есірткіні қолданатын адамдар, әлеуметтік қолдау, кәсіби дайындықАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың қалыптасу тарихы және оның АИТВ-мен өмір сүретін, есірткі қолданатын адамдарға қолдау мен көмегі зерттелген. Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін және есірткіні қолданатын адамдардың шектеулігі мен қиындықтарын түсінуге тырысты. Шымкент, Талдықорған, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Петропавл және Павлодар облыстарындағы АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдарға жүргізілген сауалнаманың нәтижелері көрсетілген. Олар әлеуметтік қызметкердің рөлін, АИТВ-жұқпасының алдын алу және медициналық-әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға қатысты Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік саясатын, әлеуметтік жұмысты дамытудың жолдары мен мүмкіндіктерін қарастырды.






