Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртуы: дамудың жаңа жұмылдыру сценарийіне бет бұру
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
жаңғырту, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қорғау, әл-ауқат, отбасы, балалар, әлеуметтік саясат, әлеуметтік көмек, ортақ жауапкершілікАңдатпа
Бұл мақалада соңғы жылдары Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы жағдайында көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау жүйесін түсіндіруге әрекет жасалды. Әлеуметтік саланы жаңғырту аспектілері және оның жалпы отбасының әл-ауқатына әсері қарастырылады. Мақалада мемлекет пен халықтың әр отбасы әл-ауқаты үшін ортақ жауапкершілігінің қажеттілігі туралы дәлелдер келтірілген. Әлеуметтік саясаттың барлық стейкхолдерлерінің үйлестірілген іс-қимылы және әлеуметтік жұмыстың интеграцияланған моделіне көшу негізінде одан әрі әлеуметтік жаңғырту модельдері ұсынылған.






