Қазақстан Республикасының көптілді білім беруде CLIL технологиясын енгізу
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
көптілділік, интеграция, CLIL - технология, лингвистикалық және коммуникативті құзыреттіліктерАңдатпа
Мақалада көптілді білім беруді енгізу проблемасы қарастырылды. Шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеті басымдыққа ие болатындығына назар аударылады. Көптілді білім беру технологиясының сәтті енгізілгендерінің бірі - CLIL. Бұл студенттерге пәндік оқу іс-әрекеттері негізінде тілдік және коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдістеме. Пәндік-тілдік кіріктірілген білім басты мақсатқа - болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың ұтқырлығын және тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға жетелейді.
Университеттің көпмәдени кеңістігі - бұл студенттің жеке басын қалыптастырудың әлеуметтік-білім беру ортасы, оның шеңберінде ол әлемдік және ұлттық мәдениеттің құндылықтарын, толерантты өзара
әрекеттесу негізінде мәдениетаралық және әлеуметтік қатынастардың модельдерін үйренеді.






