Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ата-аналарының тұлғалық ерекшеліктері
Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар, ата-аналар, тұлғалық ерекшеліктер, психологиялық қорғаныс механизмдері, копинг-стратегиялар, кінәлік сезімАңдатпа
Мақалада ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ата-аналарының тұлғалық ерекшеліктерінің зерттеуі қарастырылған. Бүгінгі таңда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбилеп отырған отбасылар мен ата-аналарды зерттеу мәселесі өзекті және кең көлемде зерттеуді қажет
етеді. Зерттеу, әсіресе, ата-аналардың жеке тұлғалық қасиеттерін және ерекшеліктерін (психологиялық қорғаныс механизмдері, копинг-стратегиялар, кінәлік сезім) баланың қабілеттеріне, білім саласындағы
жетістіктері мен түзету процестеріне әсер ету факторын зерттеуге бағытталған. Бұл мақала нәтижелерінің ғылыми жаңалығы ЕББҚ бар балалардың ата-аналарының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен ата-ананың балаға көзқарас қатынасын және ата-аналардың зерттелген көрсеткіштерінің баланың түзелу және арнайы білім беру бағдарламаларындағы үлгеріміне әсерін анықтайтын мәліметтердің арақатынасында жатыр.






