Еңбек саласындағы жанжалды жағдайларды шешу


Қаралымдар: 28 / PDF жүктеулері: 30

Авторлар

  • М.Н. Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан
  • Г.К. Айкинбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, психология кафедрасының доценті, Астана, Қазақстан

Аңдатпа

Жұмыс орнындағы тұлғааралық жанжалдар қайғы-қасіретті тудыратын стрестің маңызды көздерінің бірі болып табылады, өйткені олар қызметкерлерге тиесілі белгілі бір ресурстарға байланысты дау туғызады, ия болмаса белгілі бір ресурстарға негізделген қауіп төндіреді. Зерттеу жұмысының мақсаты-еңбек саласындағы жанжалды жағдайларды шешу, ұйымдағы жанжалдардың туындауын, оларды шешудегі тәжірибелердің пайда болуын шектеуге не болмаса орын алған кездегі мінез-құлықтың жеке және ұжымдық салдарын шектеуге кедергі келтіретін үшінші тараптың әрекеттерін талдауға негізделген. Жұмыста ұсынылған нәтижелер мен практикалық ұсыныстарды басқару органдарының жұмысында қолдануға болады, ұйымдардағы жанжалдарды басқаруды оқыту бойынша басқарушы персонал үшін дәріс курстарының негізі бола алады, сонымен қатар семинарларға арналған оқу құралы ретінде де қолданыла алады. Зерттеудің нәтижелері профилактиканың әртүрлі деңгейлерінің ұсынымдары, сондай-ақ жанжалды жағдайлардың алдын алу тетігін енгізу және оларды жұмыс орнында шешу жөніндегі нұсқаулық болып табылады, өйткені жанжалдардың алдын алу тетігін енгізу ұйымдардағы жанжалдарға байланысты жасырын шығындарды шектеу үшін негіз бола алады. Біз ғылыми әдебиеттерге шолу жасай келе бұл мәселенің өте маңызды екенін байқадық, өйткені жанжалдар жасырын, алайда олар жоғары шығындармен келеді және кез келген ұйым бұл мәселені өз қолына алса, оны оңтайлы шеше алатындығын мақалада баяндауға әрекет жасадық. Жұмысшыларға қойылған шектеулердің күшеюіне, олардың автономиясының төмендеуіне және еңбек ұжымдарының ыдырауына тап болған жұмысшылар көмекке мұқтаж. Мақалада ұсынылған механизмдер мен әдістер, еңбек ұжымындағы жанжал жағдайларды азайтуға, еңбек үдерісі барысында достық қатынаста тыңдай білуді қамтамасыз ете отырып, ұйымның өмірін жақсартуға арналған құралдар жиынтығын да ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланды

10.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әбдіқалықова M. ., & Айкинбаева G. . (2024). Еңбек саласындағы жанжалды жағдайларды шешу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 149(4), 294–312. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/589

Журналдың саны

Бөлім

Психология