Онкологиялық дертке шалдыққан науқастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Г.К. Айкинбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • М.М. Рыскулова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • А.Ж. Жасұлан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

онкология, емделмейтін аурулар, онкологиялық науқастар, әлеуметтік-психологиялық көмек, психотерапиялық әдіс-тәсілдер, пациенттің өмір сапасы

Аңдатпа

Мақала онкологиялық науқастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мәселелері мен Қазақстандағы аталмыш дертке шалдыққан аурулар туралы статистикалық деректерге талдау жасалған.
Мақалада дүниежүзілік дерттің біріне айналған, қатерлі ісік ауруының түрлері мен олардың қазіргі таңдағы көбеюін жан-жақты зерттеу мәселелері қарастырылып, онкологиялық науқастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жолдары сипатталған. Сонымен қатар қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық көмекке қатысты ғылыми аспектілері қарастырылып, олардың жұмыс бағыттарына сипаттама берілген.
Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің нәтижесінде науқастың және оның отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасын жақсарту, бұл ауруды және аурудың басқа көріністерін белсенді анықтау, мұқият бағалау және симптоматикалық терапия, сондай-ақ психологиялық, әлеуметтік және рухани қолдау көрсету арқылы қол жеткізудің бірден бір тиімді жолы екендігі мақалада қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айкинбаева, Г. ., Рыскулова, М. ., & Жасұлан, А. . (2024). Онкологиялық дертке шалдыққан науқастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 136(3), 222–230. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1705

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)